Текст

Құрметті сайт пайдаланушылары!
Біздің сайтымызда сіз сабақтың және іс-әрекеттің дамуын, үздік мұғалімдердің тәжірибесінің қысқаша мазмұнын таба аласыз. Мұнда сіз өз жұмысыңыз үшін қызықты және пайдалы ақпаратты таба аласыз. Сайтта орналастырылған ақпарат әріптестер мен ата-аналарға нақты көмек көрсетеді және бізді балаларды оқыту мен тәрбиелеуде одан әрі біріктіреді деп сенемін. Мектеп директорының міндетін атқарушы:Толеубек Еркегул
11.10.2025
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектебімізде сенбілік ұйымдастырылды. Оқушылар мен мұғалімдер бірлесе аумақты тазалап, тазалық пен тәртіпке үлес қосты. Табиғатты аялау – әрқайсымыздың міндетіміз!
05.10.2025
Ақмола облысының білім басқармасынан ұстазымыз Танхай Саулеш апайға Алғыс хат табысталды!
05.10.2025
Ұстаздар күніне орай мектебімізде ардақты ұстаздарымызды ерекше ықыласпен қарсы алып, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шәкірттердің жүрекжарды тілектері мен өнерлері ұстаздарға қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
29.09.2025
26.09. мектебімізде ауыл инспекторы Мухатаев А.Ж. қатысуымен оқушыларға қауіпсіздік, жолда жүру ережелері және құқық бұзушылық тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және түрлі қауіп-қатердің алдын алу. Оқушылар белсенділік танытып, маңызды мәліметтермен танысты.
29.09.2025
Бүгін 29.09. BilimCenter платформасында 3 "А,Б" сынып оқушыларында білім деңгейін анықтауға арналған тест тапсырды. Барлығы 6 оқушы тапсырды.
19.09.2025
15.09.25. Отбасы күніне арналған спорттық сайыс сәтті өтті! Іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын қолдау және ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту болды. Қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!Бұл спорттық сайыста керемет көңіл-күй, ұйымшылдық пен шынайы бәсеке орын алды! Жанұялар бірлігі мен салауатты өмір салтын насихаттаған шара әр қатысушы үшін ұмытылмас сәттерге толы болды. Ұйымдастырушылар: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Асалбек Елжас., ТІМ: Нарау Г.
19.09.2025
Дене шынықтыруға арналған 3 минуттық жаттығу. Әр сейсенбіде сабақ басталар алдында оқушыларымыз музыкалық сүйемелдеумен дене жаттығуларын орындап, белсенділік танытады. Дене шынықтыру – денсаулықтың кепілі!
19.09.2025
15.09.25. #1 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалды сайысы өтті. 6 “А” сынып оқушысы Жарылгасынова Анида 2орын иеленді. Жетекшісі: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жарылхасын Д.
19.09.2025
16.09 күні “ Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-і базасында 7-11 сыныптар арасында “Тіл дарыны -2025” атты аудандық байқауы өтті. Байқауда 7 “А” сынып оқушысы Мұнарбек Ләйлә - 2 орын иеленді. Жетекшілері: С.Танхай., Ж. Мухатаева., Д.
19.09.2025
16.09 күні Ақкөл ауданының #4 мектебінде 7-11 сыныптар арасында “Тіл дарыны -2025” атты аудандық байқауы өтті. Байқауда 10 “Б” сынып оқушысы Рубан Анастасия - 1 орын иеленді. Жетекшілері: Е. Төлеубек.,Ж. Мухатаева., Д.