«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Жалғызқарағай ауылының Кирдищев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Кирдищева  села  Жалгызкарагай отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ас мәзірі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

 

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер

Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді «Кирдищев атындағы ЖОББМ» КММ көрсетеді.

Заңды мекенжайы: Жалғызқарағай ауылы Орталық көшесі 19

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

«Кирдищев атындағы ЖОББМ» КММ білім беру саласында 27 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2025 жылы 27 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Оның ішінде:

  • электрондық үкімет порталы арқылы –13 мемлекеттік қызмет;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы –10 мемлекеттік қызмет;
  • қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы –14 мемлекеттік қызмет;
  • қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық форматта –14 мемлекеттік қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар 0 өтініш бойынша берілді, оның ішінде: 0 – электрондық форматта және 0 – қағаз форматында.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

- «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

- «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау»;

- «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;

- «Мектепке дейінгі жастағы балаларды (6 жасқа дейін) мектепке дейінгі ұйымдарға жолдау үшін кезекке қою»;

- «Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және қабылдау (оқуға қабылдау)».

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер

Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат ресми интернет-ресурсында (ссылка)«Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары жарияланған.

2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

2025 жылы білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар 75 түсіндіру іс-шарасын өткізді, оның ішінде: ресми интернет-парақшаларда 75 жарияланым, баспа басылымдарында 0 жарияланым.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

  1. Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді 2 қызметкер көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.
    2025 жылы қызметкер мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтпеді.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2025 жыл ішінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары

Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қатаң сақтау;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • электрондық үкімет порталы арқылы жүгінулер үлесін арттыру;

қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.

Текст