26.09. мектебімізде ауыл инспекторы Мухатаев А.Ж. қатысуымен оқушыларға қауіпсіздік, жолда жүру ережелері және құқық бұзушылық тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және түрлі қауіп-қатердің алдын алу. Оқушылар белсенділік танытып, маңызды мәліметтермен танысты.