«Қарттарым асыл қазынам».
Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара жоспары.
Мақсаты. «Ұлкенге құрмет,кішіге ізет» ұранымен оқушыларды қарттарды сыйлауға,құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
«Қарттар күні» мерекесін ұйымдастырып, мереке арқылы қарияларға ән шашу,сый көрсетуге айналдыру.
Баспа сөз, Кіріспе.
Қазақ халқы қазыналы қартын құрметтеген. Туған елінің туын биік ұстауды мақсат тұтқан Елбасы әрқашан еңбектеген баладан,еңкейген қартына дейін ұлықтауды ұлы дәстүрге айналдырып, өскелең буынға ұлағат етіп қалдырған. «Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем,шаңырағы биік», деп атап көрсетеді.Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Шындығында да өсетін елдің өнегелі ұрпағы дария теңіз қариясын құрметтеп,керуанасын сыйлауды қашан өмірлік қағида тұтқан. Ендеше «Үйдегі қарияң-жазып қойған хатпен тең», демекші қарттарын құрметтеген елдің ертеңі биік , мерейі үстем. Осындай дәстүрлі тәжірибеден тәлім алған егемен еліміз алғашқы күннен қарттарын қадірлеп, үлкенін құрметтеуді даму баспалдақтарында басымдылыққа айналдырып келеді . Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі және ардақты жан ол- Ата мен әже, Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің ыстық құшағымен, мейірім толы көзқарасымен, жылы жүзімен, сарқылмас ақылмен мейірімділік махаббат немере-жиендерімен бере білген аталар мен әжелер үшін дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп тағайындаған . Бүгін біз де аталарымыз бен әжелерімізді осынау мерекелерімен құттықтап, Үлкен алдында жас қарызы,ата алдында бала парызы «Қарттар асыл қазынам» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер
Ата күні,әже күні, әлем күні,
Әлемді тебірендірер ақылды үні.
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде,
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.
Хормен: Ата-әже мерекелеріңіз құтты болсын!
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын!
Той деп бүгін халқым шашу шашады,
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған,
Әнменен бет пердесін ашады.
Ортада «Ассалаумалейкум» әні.
Халқымның әні қандай,жыры қандай,
Шешеннің нәрі тамған тілі балдай.
Шымырлап өн бойына тарайтын тұғын,
Ал биі нәзік жанды балқитындай
Ортада «Әдеби монтаж»
Мың бұрала билеген ,
Аруды кім сүймеген демекшідей ортада «Балапан» биі.
Құлақтап кіріп бойды алар ,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсен меңше сүй . «Туған жер» әні ду қол шапалақ.
Баланың рухани өсуіне ата әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмек көрсетеді, би, өнерге жол сілтейді. Ендеше ортада «Қара жорға» биі.
Қарт кісіні «құт-береке» деп танысақ, ол ұрпақ көргендігі. Ұрпағын құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты. ортада «Қошақаным» әні. Ду қол шапалақ!
«Аққулар биі»
Ойын «Немересін тану»
Біз қазір мектепте ағылшын тілін меңгерудеміз ,сол себепті сіздердің назарларыңызда «Дене шынықтыру»биі .
Әже-ата,сен қартаймайсын,қартаймайсын,
Қартайдым деп ойлама еш уақытта.
Ортамызда отырсан бала болып,
Әрқашан дастарханымыз ортаймасын- деп ортада «Әдеби-монтаж».
Бүкіл әлем аналардың сүтінен нәр алған,
Бүкіл әлем аналардың үмітінен тараған.
Әлемде сен болмасаң осылайша,
Бар ма еді жүрегімде биік мақсат, биік арман.
«Асыл әжем» әні.
Ортада «Үндістер»биі. Ду қол шапалақ.
Атам менің жас шағында, ер күнде,
Ерлік қылды бар әлемге, елдерге
Жорықтарда ой мен қырдан өткенде,
Елімізде ардақты адам ол енді.- дей келе атамаздың ақ тілегін, арнауын сұраймыз Бата беру.
Қорытынды. Құрметті ата-аналар мен ақ жаулықты әжелер. Сіздерді «Қаттар күнімен» құттықтай отыра дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, өзендей өмір, көлдей көңіл тілейміз. Сонымен біздің ән шашу мерекеміз аяқталды! Мерекелік асқа төрлетіңіздер.