«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Жалғызқарағай ауылының Кирдищев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Кирдищева  села  Жалгызкарагай отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ас мәзірі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отчет по государственным услугам за 2021 год.

01.03.2022

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2021 жылға арналған есеп

 

1. Жалпы ережелер

  1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданындағы білім бөлімінің Жалғызқарағай ауылының «Кирдищев атындағы мектеп-балабақшасы» КММ. Заңды мекенжайы Жалғызқарағай ауылы, Орталық көшесі -19.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

2021 жылы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 24;

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 7;

қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 17.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;

«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».

   2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат  ведомствоға бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

  Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Білім басқармасы мен ведомствоға бағынысты ұйымдар нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.

2021 жылы  2 дөңгелек үстел өткізілді. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер көрсетеді.

 

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

  2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша жоспары бекітілді.

 

 

 

Мектеп директоры:                                          Т. Жунусов

 

 

 

 

 

 

 

 

Орынд. А.Сейтхожин

Тел.32-1-40

Просмотров: 359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст