Тақырыбы: Қыз-қылығымен
көрікті»
Қыз балалармен жүргізілген психологиялық
тренингттер
Мақсаты:Қыз балалардың бойындағы жағымды қасиеттерін шыңдау,
әр сынып қыздарының арасында достық қасиет қалыптастыру.
Сынып: 7-11
Жұмыс
барысы:
«Танысу
тренингі»Оқушылар бір-бірімен жақын танысу үшін шеңбер бойымен тұрғызып, Жүректен
жүрекке тілек тілеу
Жүргізуші:
Слайд көрсету:Қыз өмірдің қызғалдағы
11 Сынып оқушысы:
Серхан Сәндігүл Баяндама
Тренинг:Гүлден
кейінгі дұрыс жауап
Бейнерөлік: Музыкалық әуен
Презентация
көрсету:Гигиеналық тазалық.Жеке бас гигиенасы дегеніміз – ол күнделікті
денсаулықты сақтап, оны нығайтуға бағытталған шаралары. Бұл – тән күтімі, ауыз
қуысын, тісті тазалау, ыңғайлы аяқ-киім кию, үй ішінде тазалық сақтау. Күнделікті тері гигиенасы үшін қолданыатын
шаралар: теріні тазалықта ұстау үшін денені, басты сабындап жуу жүйелі дағдыға
айналуы қажет. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал
жиірек кір алатын бет, қол, мойын қосымша күтімді қажет етеді. Тіс пен ауыз қуысы күтіміне мыналар жатады:
1. Белгілі бір тәртіп бойынша тіс ысқышпен тіс тазарту.
2. Күніне тіс екі рет тазартылып тұрса,
ысқышты орта есеппен алғанда төрт айда бір рет, ал талшықтары синтетикалық
болса, 6-8 айда 1 рет тазарту керек.
Белгісіз хаттар:Ұлдар
атынан сұрақтар қыздарға арналған.
«Достық торы»
жаттығуы. Қыз балалар арасында достық қалыпты, достық қарым-қатынасты
қалыптастыру мақсатындаөз бойларындағы ерекше қасиеттерін айтып. Бір-бірлерін
дұрыс түсіну үшін қандай қасиеттерін бойымыздан табылу керек (келісім,
сыйластық т.б.) Көптеген қасиетті айта отырып, жіпті бір-біріне лақтырып
отырды. Соңында тор шықты, торды «достық торы» деп атап, достығымыз нығая
берсін деп қорытындыланды.
«Күн шуағы» жаттығуы. Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болу
керек?- деп сұрай келе, өз бойындағы қандай жағымды қасиет бар, соны білу және
күн шуағына жазу.
«Тілек айту» Қыз
балалар бір-біріне жақсы тілек айтып, тренингтік жаттығу қорытындыланды.
Қорытынды: Қыз балалар бір-бірімен жақын танысып, бір-
бірлерінің жақсы қасиеттерін білді. Жаттығу басында тұйықталып тұрған қыздар
ашылып, жаттығу соңына қарай белсенділік танытты. Бұл балалар алдағы уақыттта
осындай жаттығулар болып тұрса деген тілектерін айтты. Барлығы қызыға қатысты.